Туризм

Сәбит Мұқановтың әке-шешесіне ескерткіш

 Сәбит Мұқановтың әке-шешесіне ескерткіш

Орналасқан жері: СҚО, Тимирязев ауданы, Жаман шұбар атты жер Докучаев а. Мемлекеттік қорғауға алынған. С. Мұқановтың әке-шешесіне ескерткіш 1955 жылы жазда Докучаев ауылынан алыс емес жерде орнатылған.

1960-61 жж. оба қоршалды.

Қысқаша анықтама: Дос көлі (орысша Друг дегенді білдіреді), жағасында ақын-жерлесіміз Сәбит Мұқановтың әке-шешесінің сүйегі жерленген. Атақты жерлесіміз туып-өскен жердің Жаман шұбар атты таңғаларлық атауы бар.

Аңыз: Туған жерге баруын Сәбит Мұқанов «Өмір мектебі» романында былайша сипаттайды.

«В 1953 году я снова посетил родные места (теперь здесь большой совхоз имени Докучаева) и прежде отправился на старое кладбище. Хожу, смотрю, вспоминая: разломанная ограда, размытая дождями канава, холмики, холмики, холмики, почти сровнявшиеся с землей, сточенные временами и дождями рыжие и бурые бугры. Я бродил между ними и вспоминал, кто здесь похоронен. Ведь именно вблизи их я родился и прожил первую половину моей жизни. Аул основан за десять лет до моего рождения. Значит, тридцать пять лет здесь рождались, жили и умирали мои друзья и сверстники. И вдруг у меня даже дыхание пресеклось, — два белых, сухих и звонких, как степные дудки, мосла торчат между могилами. Я подошел и тронул их. Да, конечно, это он, бедный надгробный памятник моих родителей. Целая вечность прошла с тех пор. В 1928 году, покидая эти места, все жители аула собрались на кладбище на прощальный пир. Пришли и гости из ближайших кочевок. В общем, народу собралось порядочно. Каждый что-нибудь принес на поминки. Бедняки кололи овец, кто побогаче, тот закладывал ягненка, а Нуртаза зарезал жирного скакуна-двухлетку. Вот его-то голенные кости я и вбил между родных мне могил. Я поклялся тогда, что когда вырасту, снова вернусь сюда и поставлю над могилами своих родителей настоящий памятник. И вот я его привез. Спите спокойно, мои старики. Ваши дети и внуки вышли в люди. Значит, ваш труд и горькая смерть не прошли даром».

Сары мен Сүйір батырлар кесенесі

 Сары мен Сүйір батырлар кесенесі

Орналасқан жері: СҚО, Тимирязев ауданы Докучаев ауылдық округінің аумағында. Докучаев а. 4-5 шақырымдай жерде.

Қысқа анықтама: Сары батырды ХVІІ ғасырдың 90-шы жылдарының басында туған деп жүр. Ол немере інісі Батыр Баяннан екі мүшелдей үлкен болса керек. Батыр Баянның туған жылы – 1714 жыл. Сары батыр Павлодар облысының Жезді елді-мекенінде дүниеге келген. Бұл кезде уақ руының қонысы сол жер болған.

Сары батыр 1690 жылы туып, 1771 жылы өмірден озған. Сары мен Сүйір батырлар жерленген қос оба алыстан көрінеді.

Аңыз: Уақтың ағайындас Сары және Баян батырларымен қатар атала бастаған Сүйір батыр. Шежіреші қарттардан бүгінгі күнге жетіп отырған азын-аулақ әңгімелердің өзі-ақ Сүйірдің батырлық, ел-жұрт ардақтаған тұлғасын таныта алады. Уақ руының Бидалы атасынан тарайтын Жаубасар деп жауға шапқан Сүйір батыр 19 ғасырда өмір сүрген. Он екі атасына дейін батыр болған ол да небір қанды ұрыстарда жолбарыстай жалғыз ойнап, жауларын қойша қырған. Содан да оны халық Сүйір батыр деп атап кеткен. Өте қарулы, қайратты адам болыпты. Түсі ызғарлы, көп сөйлемейтін, қалың қасы қабағын жауып тұратын көрінеді. Оны қанжарының ұшымен көтеріп тастайды екен. Тек қана, ашуланғанда қабағы желп етіп, айбарланған жүзіне кісі көз тоқтата алмайды. Қазақтың атақты батыры Сары Шоғаның бір ұлы Бәйімбеттен туған екі баланың бірі Қозымеректен тарайды. Баян батыр Қасаболаттан туады. Ол — Сарының немере інісі. Сары ержүрек батыр, бір сөзді өжет ұзын бойлы, екі иығына екі кісі мінгендей зор денелі адам болыпты. Жас кезінде атақты балуан болды деп те көнекөз қариялар айтып отыратын еді. Қару-жарағы да өзіне сай болса керек. Батырлардың бәріне ортақ бір сипаты — олар бір айтпайды, айтса, одан қайтпайды. Сары батырдың жау көргенде екі көзі қанталап, жоңғар әскерінің қалың тобына кіріп кететінін өзі де білмей қалатын әдеті болса керек.

Меңдеке Батыр, 17-ғасырдың соңы 19-ғасырдың басы

Меңдеке Батыр, 17-ғасырдың соңы 19-ғасырдың басы

Орналасқан жері: СҚО, Тимирязев ауданы Ақжан ауылдық округінің аумағында, Приозерное а. 3 шақырымда.

Қысқаша анықтама: Меңдеке батыр, оның Қостанай облысының Урицкий ауданында тұратын туыстарының куәландыруы бойынша 17-ғасырдың соңы мен 19-ғасырдың басында өмір сүрген. Меңдеке Батыр 1790 жылы Мезгіл атты жерде (қазіргі атауы — Сарыкөл ауданының Комсомольский к.) туған.

Аңыз: Жайылымдар бөлісі үшін қақтығыстар кезінде Меңдеке батыр өз жерін алдай-ақсуат-керей руынан қорғаған. Ол өз жерін қорғап жауымен шайқасқан, ақылды, күшті, ержүрек және білімді азамат болған, сондықтан шайқастан әрдайым жеңіспен оралған. Ол күніне ерден 150 жауын құлатып, ойсыратқан. Оның жігері мен табандылығы жеңіліссіз болған.

Бірде шайқас кезінде жаудың найзасы оның аузына қадалып, тіліне зақым келтіреді. Қарттар осыдан кейін ол нашар сөйлей бастағанын және осындай шайқастардың бірінде қаза тапқанын айтады. Өлер алдында оны қанжығалы мен алдай-ақсуат руларының даулы жерлері шекарасына көмуді өсиет етеді. Батырдың соңғы өсиеті орындалды.

Отбасы аңызы Меңдеке батырдың артында тек жақсы аты ғана емес, сонымен қатар жеті ұлының қалғанын да растайды, олардан ру жалғасын тапқан. Тұңғыш ұлы Шәңке атақты би болған. Оның сөзі қара қылды қақ жарған. Адамдар оны құрметтеген және «Тәтем» деп атаған. Сәбит Мұқановтың ол туралы шығармасы бар. Екінші ұлы Шәупіл батыр және би болған. Қалған ұлдары да ата-бабасының жерінде әрбірі өзінше із қалдырған.

Отбасында Меңдеке батыр руының негізін салушының оның көмілген жеріне кесене орнату өсиеті ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырған. Ұлы батырдың ұрпағы ағайынды Баталовтардың арқасында тек 2007 жылы ғана мұны іске асыру мүмкін болды. «Ата-бабаларын құрметтеу», «ұлт өсиетіне адалдық» деген сөздердің зор маңызына ие болатын өз тамырына деген мұндай ізгілік пен көңіл бөлу ескі дәстүрді қалыпты қылуы сөзсіз. Қасиетті құрылыстың жобасын алматылық сәулетшілер жасады, ол Сулы стансасынан 5-6 шақырымда салынды.

coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest» «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетEXPO